Астанада АӘД пәні мұғалімдерін даярлау мәселелері талқыланды.

04.03.2025

Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» РМК және «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ ұйымдастырды. Талқылауға Қорғаныс, Оқу-ағарту, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ мен «ФИНИСТ» компаниясының өкілдері қатысты.

 

 

Ведомство өкілдері наурыз айында Астанада өткен семинардың және сәуір айында Алматы мен Шымкентте ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік конференциялардың нәтижелерін талқылады. Бұл іс-шаралар бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушыларына кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

 

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының» бас сарапшысы, запастағы полковник Ерлан Закиевтің айтуынша, бұл бастама НБТД мамандарын даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған, бұл өз кезегінде болашақ Отан қорғаушыларын әскери қызметке сапалы даярлауға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында «ФИНИСТ» компаниясының өкілдері қала жағдайында ұрыс жүргізуді модельдеуге арналған «Геотактика» симуляторын таныстырды. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесі көрсеткендей, ұрыста дрондар мен роботтар белсенді қолданылады. – Заманауи технологияларды пайдалана отырып оқыту әдістемелерін енгізу білім беру жүйесінде серпіліс жасауға мүмкіндік береді.

 

– Мұндай симулятор мектеп оқушылары, әскери кафедра студенттері мен әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында әскери іс, әскери өнер және жалпы әскери ғылымға деген қызығушылықты арттырады, – деп атап өтті запастағы полковник Ерлан Закиев. Практика көрсеткендей, технологиялық дайындық бөлімше, взвод және рота деңгейінде қажет. Сондықтан НБТД сабақтарында саптық дайындық пен атыс қаруын меңгеру негіздерімен қатар қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамалары да оқытылуы тиіс.