Қазақстарлық стартап әскери оқытудың тәсілін түбегейлі қалай өзгертіп жатыр

«Геотактика»: елде алғаш рет – тактика, технологиялар және командалық рух
26-27 қараша күндері Astana IT University базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Геотактика» онлайн жарыстары өтті. Бұл – тактикалық ойлау, командалық жұмыс және шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақын басқару дағдыларын дамытуға арналған еліміздегі алғашқы бірегей платформа.
Виртуалды полигонда 19 әскери кафедра, 2 әскери институт және 1 колледж бақ сынасып, жергілікті жерде бағдарлану, атысты басқару және тактикалық жоспарлау бойынша шеберліктерін көрсетті.
Жеңімпаздар:
1 орын – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің әскери кафедрасы.
2 орын – Toraighyrov University әскери кафедрасы.
3 орын – С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты

Осындай бастамаларды қолдай отырып, Astana IT University білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтеді. «Геотактика» сияқты виртуалды алаңдар болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тактикалық ойлауын дамытуға және тиімді командалық өзара әрекеттесуді қалыптастыруға көмектеседі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз. Біздің университет үшін бұл жай ғана шара емес – бұл елдің қорғаныс әлеуетін арттыруға және білім беру жүйесіне озық технологияларды интеграциялауға қосқан үлесіміз.